Фармон бәйбіше жеті ұл, жеті келінін бір уыста ұстап шашау шығармай бәрін бір шыбықпен айдап отырған адуынды ана. Бірақ жаңа түскен келіні Нигораның бастауымен келіндер көтеріліске шығады, жеке отбасы болып, өздерінше өмір сүргісі келеді. Фармон шешейге арнап спектакль қойып, оның кемшіліктерін бетіне басып, күлкілі ситуациямен қателігін мойындатады. Ендігі кезде келіндері мен балаларына өзінің қияметі өтіп кеткенін сезген ананың шешімі жайлы.