Шет елдің мәдениеті мен тұрмысы кімді болмасын қызықтырады емес пе? Шахбаз-бекті де қызықтырып, Парижге жетелеген сол нәрсе. Жас бектің қалауын жұрттың бәрі естігенде оқиға қыза түседі. Беттерін ашып, жалаңбас жүретін француздың сылқым қыздарынан күйеу жігітін қызғанған Шарафниса-ханымның, қызының жылағанын көрген шешесінің әрекеттерінің нәтижесін көргіңіз келсе, спектакльді тамашалауға асығыңыз. Қойылымда Карабах еліндегі бай шаруаның сарайында болған көріністерге куә боламыз.