Балақай, сен «Ұйқыдағы ару» жайлы ертегіні естіп пе едің? Әлемге әйгілі ханшайымның ғажайып патшалығына тап болғың келе ме? Ендеше, сиқырға толы корольдікке бірге саяхат жасайық. Келіңдер, ұйқыға оранған хан сарайын бәріміз бірге оятайық. Әсем ән мен әдемі би тамашалап, тылсым сиқырға бөленіп қайтыңыздар! Баршаңызды Жаңа жылдық керемет ертегінің куәсі болуға шақырамыз.

Олай болса, 23-31 желтоқсан және 2-4 қаңтар аралығында сағат 10.00;12.30;15.00-де Т.Уфимцеваның (аудармасын жасаған Сартай Жүсіп) «ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ» атты ертегі мен мерекелік ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз!

Бағдарлама ІІІ бөлімнен тұрады.

І.бөлім. «Ұйқыдағы ару» балалар спектаклі.

ІІ.бөлім. «Еріншектер еліндегі жаңа жыл» шоу-бағдарлама.

ІІІ.бөлім. Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлықтары.

Жаңа жылды естен кетпестей етіп қарсы алғыларыңыз келсе, театрда кездесейік, балақайлар! Қызықтың бәрі осында! Билеттер театр кассасында! Касса: 27-28-93.